Су астында түсірілген ең үздік 10 сурет

Underwater Photographer of the Year фотобайқауы 2017 жылдың ең үздік су асты суреттерін анықтады. Жиырмадан астам суреттің ішінде ең үздігі деп франциялық суретші Габриэль Баратьюдікі танылды. Оның «Билеп жатқан сегізаяқ» атты суретіне бас бәйге бұйырды.

Su24.kz сайты Ұлыбританияда өткен осы байқаудың финалына шыққан басқа да жұмыстардан жасалған фоторепортажды ұсынады.

Габриль Баратьюдің «Билеп жатқан сегізаяқ» атты суреті.

  1. Ник Блейктің Юкатан жартыаралындағы суасты сенотының көрінісі

  1. Грег Лекур Үнді мұхитындағы дельфиндердің сардиндерге шабуыл жасау кезін суретке түсіріп алған.

  1. Асшаян құрты. Фото авторы Со Ят Уай.

  1. Таня Хоупперманс Солтүстік Каролина жағалауына жақын жерде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде апатқа ұшыраған U-352 суасты кемесін суретке түсірген.

  1. Медузаға ілініп қалған теңіз шаяндары. Авторы Паскаль Вассало.

  1. Джанни Стромволл түсірген Теңіз қауырсындары.

  1. Муреннің ауызында қалып қойған асшаян. Авторы Лян Фу.

  1. Джон Паркер есімді фотограф ринопиасты суретке түсіріп алған.

  1. Эдвар Хэрреньоның балыққа толы суреті.

  1. Суқұзғындар балық аулап жатыр. Авторы Ричард Шаксмит.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған