Ақтөбеде былтырғыдай су тасқыны қайталанбас үшін өзендердің түбі тазартылмақ

Облыс басшысының төрағалығымен өткен отырыста биыл ту тасқынына қарсы дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынына қарсы қалалық және аудандық су тасқынына қарсы комиссия өз жұмыстарын бастап кетті.

Былтырғы жылы апатты жағдайдың алдын алу үшін өзендердің түбі тереңдетіліп тазаланып, қаупі бар өзен жағалаулары бекітілген. Арнайы су бұрғыш арықтар салынған. Қыс мезгілі басталғаннан бері 82 мың тонна қар шығарылған. Су тасқыны кезеңіндегі жұмыстар үшін жанар-жағар май қоры, 8 мың тоннадан астам инертті материалдар, 23 мың дана ыдыс-қап дайындалды.

«Су тасқынына қарсы комиссиялар тиімді жұмыс жасаулары керек, ал «Қазгидромет» өзекті ақпаратты уақытылы берулері тиіс. Су тасқынына қарсы шараларға жұмылдырылатын барлық қызметтердің дайындығын үнемі тексеріп отыру қажет. Су тасқынына қарсы шаралар қатаң бақылауда болуы тиісті», — деді облыс әкімі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *