Қытайдағы ең ірі қалалардың бірін су басты

Қытайдағы Чунцин қаласындағы үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан су деңгейі көтеріліп, 100 мыңға жуық тұрғынның өз үйін тастап шығуына алып келді.

Синьхуа агенттігінің берген ақпаратына сәйкес, Янцзы өзенінде су деңгейі 5,92 метрге көтерілген. Соңғы рет мұндай су тасқыны 2012 жылы болған.

Жауын-шашынның артуына бұған дейін 580 мың адамды Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларынан эвакуациялауға алып келген «Мария» тайфуны әсер еткен дейді жергілікті басшылар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған