Балалармен шомылуға барғанда ескеретін 6 мәселе

Қазақстандық құтқарушылар суға балалармен бірге шомылған кезде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көптеген отбасы жаздың ыстық күндерін су жағасында өткізгенді қалайды. Үлкендер мен кішкентай балалар да қуана суға түсіп, таза ауамен демалып, күнге қыздырынады. Бірақ суға түскен кезде қауіпсіздікті назардан қалдырмау керек», – дейді Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан. Осыған орай құтқарушылар мынадай кеңес береді:
– Балаларға үлкендердің қарауыңсыз суға шомылуға рұқсат етпеңіз, әсіресе үрлемелі матрастар немесе үрлемелі доңғалақтармен;
– Суға тек күртеше немесе жеңге киетін құтқару құралдарымен ғана жіберіңіз;
– Судың астына тығылатын немесе бір-бірін тұншықтыратын ойындарды ойнауға рұқсат етпеңіздер. Мұндай ойындардың арты қайғылы оқиғаларға алып келеді;
– Шомылу белгілері жоқ және таныс емес жерде сүңгуге рұқсат етпеңіздер, ол жерлерде болуы мүмкін тастар мен ағаш қалдықтары жарақат алуға себеп болуы мүмкін;
– Суық тимеуі үшін баланың суда шомылу уақытын қадағалаңыз;
– Күн сәулесінен күйіп қалмау үшін баланың денесіне арнайы күннен қорғайтын жақпай май жағыңыз.
Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметінің басты кеңесі баланы суда қараусыз қалдырмау болып отыр. «Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен суда жүзуге қатаң тыйым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады», – деп атап өтеді Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған