«Қазсушар» РМК-нің Жамбыл облысындағы филиалына қарасты су қоймалары туралы мәліметтерді бір материалға жинадық.

Теріс-Ащыбулақ

Су шаруашылығы нысанының атауы: Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы

Су көзі: Теріс өзені

Пайдалануға берілген мерзімі: 1963 жыл

Су қойманы пайдалану мақсаты: суғару, өндіріс және экологиялық  мақсатта су беру

Су өткізу мүмкіндігі: 36,0 м³/сек

Су жинау көлемі: 158,6 млн м³

Суғаруға бекітілген жер көлемі: 21,039 мың га

 2010-2012 жылдары 2- кезектегі жұмыс жобасы жасалынып, бөлінген 973,48 млн. тг қаржы толығымен игеріліп, қоймаға су жинау мүмкіндігі 145,0 млн. м³ жеткізілді. Су қоймада  тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған және ҚР ІІМ МКҚБ (Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы) күштерімен тәуліктік қызмет жүргізеді. Техникалық жағдайы қаңағаттандырлық.

 

Тасөткел

Су шаруашылығы нысанының атауы: Тасөткел су қоймасы

Су көзі: Шу өзені

Пайдалануға берілген мерзімі: 1974 жыл

Су қойманы пайдалану мақсаты: суғару, өндіріс, энергетика саласына және

Су өткізу мүмкіндігі: 366,0 м³/сек

Су жинау көлемі: 620,0 млн м³

Суғаруға бекітілген жер көлемі: 53,44 мың га

2007-2010 жылдары 1-кезектегі сейсмикалық күшейту жұмыстарына бөлінген 666,0 млн теңге толығымен игерілді. Рұқсат етілген су жинау көлемі 500,0 млн м³. Жобалық көлемге жеткізу үшін 2-кезектегі сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізіп, жобалық көлемін  620 млн.м³ жеткізуге қажет.

 Нысан 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту Мемлекеттік Бағдарламасының жоспарына кірді. Су қоймада  тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған және ҚР ІІМ МКҚБ күштерімен тәуліктік қызмет жүргізеді. Техникалық жағдайы қаңағаттандырлық.

 

Қарақоңыз

Су шаруашылығы нысанының атауы: Қарақоңыз су қоймасы

Су көзі: Қарақоңыз өзені

Пайдалануға берілген мерзімі: 1986 жыл

Су қойманы пайдалану мақсаты: суғару

Су өткізу мүмкіндігі: 3,4 м³/сек

Су жинау көлемі: 8,5 млн м³

Суғаруға бекітілген жер көлемі: 2,8 мың га

 2012-2013 жылдары 291,5 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2-кезектегі қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет. 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту Мемлекеттік Бағдарламасының жоспарына кірд. Қырғыз Республикасынан суға тәуелділікті азайту мақсатында, су қойманың көлемін 8,5-18,5 млн.м3 ұлғайтуға көзделіп отыр. Су қоймада тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған және ҚР ІІМ МКҚБ күштерімен тәуліктік қызмет жүргізеді. Техникалық жағдайы қаңағаттандырлық.

 

Қақпатас

Су шаруашылығы нысанының атауы: Қақпатас су қоймасы

Су көзі: Қақпатас өзені

Пайдалануға берілген мерзімі: 1988 жыл

Су қойманы пайдалану мақсаты: суғару

Су өткізу мүмкіндігі: 3,6 м³/сек

Су жинау көлемі: 10,5 млн м³

Суғаруға бектілген жер көлемі: 0,67 мың га

 2010 жылы плотинаның және гидротехникалық құрылымына 74,0 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары      жүргізілген. Техникалық жағдайы қаңағаттаңдырлық. Су қоймада тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған және ҚР ІІМ МКҚБ күштерімен тәуліктік қызмет жүргізеді.

 

Ынталы

Су шаруашылығы нысанының атауы: Ынталы су қоймасы

Су көзі: Шабақты өзені

Пайдалануға берілген мерзімі: 1975 жыл

Су қойманы пайдалану мақсаты: суғару

Су өткізу мүмкіндігі: 7,8 м³/сек

Су жинау көлемі: 30,0 млн м³

Суғаруға бекітілген жер көлемі: 3,525 мың га

 2009 жылы бас су тоғаны, қоймаға су жеткізу каналы және су жіберу құрылғысы күрделі жөндеуден өтіп, бөлінген 56,151 млн теңге қаражат толығымен игерілді. 2- кезекті қайта жаңғырту  жұмыстарын қажет етеді. 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту Мемлекеттік Бағдарламасының жоспарына кірді. Су қоймада тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Техникалық жағдайы қаңағаттаңдырлық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған