Кран суы қаншалықты таза?

Күнделікті краннан ішіп жүрген суымыз қаншалықты таза? Неліктен су мамандары кран суын тазалап ішуге кеңес береді? Оған қатысты 4 жайтты төменде ұсындық.

  1. Вирустар мен бактериялар

Құбырларда ұзақ тұрған судың құрамында вирустар мен бактериялар қаптап жүреді. Су дұрыстап тазаланбаса ыстық судан да, салқын судан да инфекция жұқтырып алуыңыз мүмкін.

  1. Микроэлементтердің жетіспеушілігі

Әдетте краннан ағатын суда микроэлементтер не жетіспей жатады немесе шамадан тыс көп болады. Мысалы,  су құрамында йодтың жетіспеуі адам ағзасындағы қалқанша бездің жұмысына кері әсерін тигізсе, кальцийдің аздығы тіс пен  сүйектің тез сынуына алып келеді. Ал ауыз су құрамындағы темірдің көптігі талма ауруына алып келеді және бауырдың істен шығуына себеп болады.

  1. Аллергияны қоздыру

Су каналы кәсіпорындарында суды қанша тазалағанымен, сіздің үйіңізге келгенше ол су ескі құбырлар арқылы жетеді. Құбырлар арқылы жеткен кран суын тазартпаған жағдайда, оны аллергиясы бар адамға ішуге болмайды. Бұл су аллергияның кез келген түрін қоздырады дейді мамандар.

  1. Демікпесі бар адамға ішуге болмайды

Кез келген кран суы хлормен тазартылады. Бұл, белгілі бір деңгейде судың тазаруына алып келеді. Сонда да, хлорланған суды демікпесі бар адамдар аз мөлшерде ішсе де, сырқаты асқынуы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған