«Оңтүстікауызсу» филиалының құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалы «Қазсушар» РМК-ның 2013 жылы мамыр айының 28-ші жұлдызындағы №207-ө санды бұйрығына сәйкес құрылып, ОҚО Әділет департаменті Шымкент қалалық әділет басқармасында  07.06.2013 жылы  №228-1958-01-Ф-л тіркеу нөмерімен тіркелген.

«Қазсушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалының қызметі, «Қазсушар» РМК-ның 16.07.2013 жылғы №265-ө санды «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау минстрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу  құқығындағы  республикалық мемлекеттік   кәсіпорны  Оңтүстік Қазақстан және «Оңтүстікауызсу» филиалдары  қызметкерлерінің құрылым және штат кестесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, Оңтүстік Қазақстан  филиалынан  бөлініп, 01.08.2013 жылдан басталады.

«Қазсушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалының  негізгі  қызметі халыққа ауызсу жеткізіп беру қызметімен айналысады. Қазіргі таңда филиалдың Түркістан  облысы бойынша  7 өндірістік бөлімшелері бар:

  • «Сарыағаш топтық су жүйелері» өндірістік бөлімшесі;
  • «Арыс топтық су жүйелері» өндірістік бөлімшесі;
  • «Шәуілдір топтық су жүйелері» өндірістік бөлімшесі;
  • «Қажымұқан-Қараспан топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі;
  • «Дарбаза топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі.
  • «Жетісай топтық су жүйесі»өндірістік бөлімшесі
  • «Тасты-Шу топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі

Түркістан облысы бойынша 96 елді мекенге, яғни 284 мың халыққа ауыз су жеткізіп беру қызметін атқарады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған