Маск Тайландтағы балаларды құтқару үшін сүңгуір қайық құрастырады

Gizmodo-ның хабарлауынша, Илон Маск Тайланд үңгіріндегі жас футбол командасын құтқару үшін, SpaceX инженерлеріне балаларға арналған сүңгуір қайық құрастыруды тапсырды.

Осылайша Маск тайландтық билікке ресми құтқару жоспарынан бөлек сүіңгуір қайық қолдануды ұсынды. Ал Тайланд құтқарушлылары жоспар бойынша үңгірдегі балаларға жедел дайвинг курсын өткізіп, үңгірдегі суды тартып алған соң, оларды бір-бірлеп шығаруды жоспарлап отыр.

Эксперттер бұл жоспарды қауіпті деп санайды, алайда бұл – үңгірде қалған балаларды құтқарудың жалғаз амалы. Ал Илон Масктың идеясы жоспардың өзгеруіне себеп болуы мүмкін.

Масктың айтуынша, Falcon 9 ракетасының жанармай жүйесінде пайдаланылатын бос құбырды сұйық оттегін жіберу үшін пайдаланып, кішігірім сүңгуір  қайық жасауға болады. Ол үңгірдің ең тар аймақтарынан өтіп, балаларды шығаруда көмектеседі. Сүңгуір қайықты басқару үшін білікті екі дайвер қажет. Сонымен қатар, оның сырттан басқару үшін төрт иінтірегі мен ауа бактарын бекітетін төрт орын бар.

Тайландтық билік әзірше бұл идеяны қарастырмады. Олар қолдан келетін амалдың бәрін жасайтынын айтты, бірақ Масктың инженерлері жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсінгегіне сенімсіз. Сондықтан Илон Мастың сүңгуір қайығы құтқару операциясына жіберіле ме, ол жағы әлі белгісіз.

Ақпарат көзі: 7kun.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған