«Көрікті мекен» Жамбыл облысында жалғасады

Биыл «Көрікті мекен» танымдық сапары Алматы облысынан кейін Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Жобаға қатысушылар 3 күн бойы мемлекеттік маңызы бар су нысандарын аралап, жұмысымен танысып, мамандармен сұхбаттасып, өзен-көлдерге саяхаттайды.

– БАҚ өкілдері еліміздегі су мәселелерін терең білуі керек. Себебі осы саланың уақын өткен сайын маңыздылығы артып келеді. Қай өңірге жолымыз түссе де елді-мекендер тұтынып отырған су қайдан келіп жатыр, оның баға мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты іске асып жатыр, маңызды су нысандарының тарихы мен жай-күйі секілді тақырыптарды қамтып жүрміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті осы мақсатты көздейді және әрі қарай да осы бағытта жұмыс жасайды, – дейді Су ресурстары комитеті мен «Қазсушар» РМК-нің Баспасөз хатшысы Азамат Байғалиұлы.

Танымдық сапарға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-журналистиканың танымал өкілдері шақырылған. Жоба әрі қарай да өзге облыстарда жалғасын табады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған