Фоторепортаж: Жамбыл облысындағы су нысандарына сапар

«Қазсушар» РМК ұйымдастырған «Көрікті мекен» жобасы Жамбыл облысында жалғасын тапты. Кезекті блогтурда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған танымал БАҚ өкілдері аймақтағы су нысандарымен танысты. Su24.kz сайты аталмыш блогтурдан фоторепортажды назарларыңызға ұсынады. 

Жергілікті БАҚ және республикалық деңгейдегі сайттардың журналистері дәстүрге сай блогтурды «Көрікті мекен» жобасының туымен суретке түсумен бастады.

«Көрікті мекеннің» арнайы фотографы Қанат Мыңбаев Меркі ауданындағы тау шатқалының ең әдемі көрінісін суретке түсіріп алған.

Блогерлер көрген-білгендерін сосын әлеуметтік желіде жариялау үшін қағазға түсіріп жатыр.

Тасөткел су қоймасындағы жиын.

«Көрікті мекен» жобасының авторларының бірі Азамат Битан блогерлерді Меркі ауданына бастап барды.

Атақты Меркі үңгіріне үңілген блогерлер.

Блогерлердің «Көрікті мекеннен» алған әсерін әлеуметтік желілерде #көріктімекен хэштегі арқылы таба аласыз.

Мейірхан Амангелдиев

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған