Көксу бөгеті

Көксу бөгеті Көксу өзенінің Шаңырақ шатқалының шыға берісінде, Алматы облысы Көксу ауданы, Мамбет (бұрынғы Ленин кенті) ауылынан 1,5 шақырым оңтүстік-шығысында орналасқан.

Максималды су өткізгіштік қабілеттілігі- 534 м3/с. Ферғана типіндегі Көксу бөгетін жобалау оң жағалаудың және сол жағалаудағы реттегіштердің су жинағыштарында командалық көкжиекті қамтамасыз ету үшін фронталдық типтегі бөгет түрінде жасалынған. Бөгет Алматыдағы «Казгипроводхоз» жобалау-зерттеу институтының жобасы бойынша                 1963 жылы салынған.

Көксу бөгеті Көксу және Ескелді аудандарының жерлерін суландыру және Көксу өзенінің төменгі жағалауына су жіберуге арналған.

Объектінің мәні – республикалық.

Негізгі нысандар:

Темірбетон бөгеті, ұзындығы 40 м, 4 аралықтан тұрады;
оның ішінде 2-і жуу құрылғылары,қалған  2-і апаттық су тастағыш болып табылады;

Қисық сызықты апаттық табалдырық биіктігі 2,7 м;

Судың қабылдану шегі бойынша, биіктігі 1,5 м;

Су бөлгіш қондырғысы сол және оң жағалаулық реттегіштерден тұрады;

Оң жағалаулық құбырлы су жібергіштің ұзындығы 22 м;

Сол жағалау магистралды канал;

Оң жағалау магистралды канал;

Екі ауызды дюкер.

Көксу бөгеті Ферғана типі бойынша құрастырылған, су ағысында қисық сызықта пайда болатын судың көлденең айналымы арқылы суды пайдалану кезінде төменгі шөгінділермен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

Суғару үшін есептелінген су өтімі оң жағаға алынады, содан кейін бөгеттің денесінде орналасқан сол жағадан дюкер арқылы Сол жағалау магистралды каналына беріледі.

Сол жағалау магистралды каналына екі су жібергіш арқылы-38,5 м3/сек, оң жағалаулық  “Шанырақ” каналына бір су жібергіш арқылы- 8,0 м3/сек су жібере алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған