Қарашаның алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда күн суыта түседі деп хабарлайды ҚазГидромет.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған