«Көрікті мекен» Қызылорда облысында жалғасады

Биыл «Көрікті мекен» танымдық сапары Алматы және Жамбыл облысынан кейін Қызылорда облысында жалғасады. Жобаға қатысушылар 3 күн бойы сыр өңіріндегі мемлекеттік маңызы бар су нысандарын аралап, жұмысымен танысып, мамандармен сұхбаттасып, өзен-көлдерге саяхаттайды.

«Көрікті мекен» жобасына қатысатын журналистер мен блогерлерді облыстағы су нысандарына «Қазсушар» РМК-ның білікті мамандары алып жүреді. Пресс-турда БАҚ өкілдері Қызылордадағы «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысады..

Танымдық сапарға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-журналистиканың танымал өкілдері шақырылған. Жоба әрі қарай да өзге облыстарда жалғасын табады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған