Италияда су тасқынының салдарынан 10 адам қаза тапты

Италияның Сицилиясындағы Палермо орталығында нөсер жауынның салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам мерт болды. Олардың арасында 3 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Агенттіктің мәліметтерінше, мерт болған 10 адамның 9-ы бір отбасының мүшелері. Олардың денелері Кастельдачча коммунасындағы өзеннің жағалауынан табылды.

Полиция қызметкерлері із-түзсіз кеткен тағы екі адамды іздестіруде. Бұл өңірде болып жатқан бірінші су тасқыны емес. 19 қазанда ANSA агенттігі Сицилияда нөсер жауынның салдарынан су тасқыны болғанын хабарлаған еді. Италиялық фермерлер қауымдастығының ақпараттары бойынша, су тасқыны ауыл шаруашылығы кешені мен оның инфрақұрылымына және фермелерге жарты миллион еуро шығын келтірген. Көптеген шаруалар цирустық және көкөніс өнімдерінен айырылып қалды.

Тамыз айының соңында Апеннин аймағының оңтүстік-батысындағы Калабрия облысында нөсер жауыннан соң сең жүріп, 11 адам мерт болды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған