Росс Эджли 157 күн суда жүзіп, рекорд орнатты

Британдық спортшы Росс Эджли  Ұлыбритания аралдарын айнала жүзген тарихтағы алғашқы адам атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Рекорд жексенбі күні жасалған. 33 жастағы спортшы Маргит қаласынан 1 маусым күні шықты. Ол жанындағы катамаранда демалатын және түнейтін болған.

Эджли күн сайын суда 12 сағаттан жүзген және бірде бір рет жағаға шықпаған көрінеді. 157 күннің ішінде жүзгіш 3317 шақырымды артқа тастап, сапарын өзі алғаш бастаған Маргиттегі жағажайында сәтті аяқтады.

Эджлидің сөзіне қарағанда, жүзу кезінде түрлі оқиғаларды бастан кешуіне тура келген. Бір қызығы, күш-қуатын қалпына келтіру үшін 640 банан жеген. Жүзуді сәтті аяқтаған спортшы осымен үшінші рет Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған