Соя – суармалы жердің сәні

Тарысымен аты шыққан Зайсан өңірінде соя алқаптарының көлемі де артып келеді. Мұны суармалы жерді қалпына келтіруге бағытталған шаралардың жемісі деуге болады.

Сауырдың шатқалына «қияданшауып, қисынын тауып» салған. Үйдене су қоймасы Жарсу ауылындағы «Жоңғар» шаруақожалығы үшін құт пен құнардың қайнар көзі болып тұр. Тау мұздықтарынан еріген ұшан теңіз қар суы осы Үйдене су қоймасы болмаса, көктем сайын етектегі елдіңмазасын аларма еді? Бөгет тасқынға тосқауыл болып қана қоймай, жаздың аптабында егіс алқаптарын ылғалмен қамтамасыз етуге қауқарлы. Тек, соның игілігін көріп отырғандардың қарасы тым аз. Сондай санаулы кәсіпкердің бірі – Болатбек Мизамхан.

2006 жылы Қытайдан елге қоныс аударған Мизамхан әулетінің бес шаңырағы бүгінде соя өсіруді отбасылық бизнеске айналдырған. Әуелі 5 гектар жерге картоп егіп бастаған ұжым бүгінде 330 гектар суармалы алқапты игеріп отыр.

«2013 жылы соя егіп бастадық. Өз қаражатымыз жетпеген соң 10 млн теңгеге жуық несиеалғанбыз. Сол несие аяқтан тұруымызға үлкен сеп болды» – дейді БолатбекМизамхан.

Үйдене қоймасынан Жарсуға дейінгі канал республикалық бюджет есебінен қалпына келтірілген екен.  14,8 шақырымға созылған арна соя алқабына еркін жетіп жатыр. Бұл мақсатқа бөлінген 900 млн теңгенің игілігін соя өсірушілермен бірге, көкөніс пен картоп, тары егушілер де көріп жатыр.

Биыл «Жоңғар» шаруа қожалығы әр гектардан 2 тонна өнім алып отыр. Қожалық мүшесі Оңал Мизамхан мұндай шығым Алматы облысы мен Зайсан аумағынан басқа өңірде кездеспейтінін айтады.

Сояға сұраныс көп. Іргеде Қытай нарығы жатқанына қарамастан, Болатбек Мизамхан өнімін Семейдегі құс фабрикасына өткізетін көрінеді.

– Соядан 28 түрлі дайын өнім алынады. Құс шаруашлығында таптырмайтын дақыл саналады. Ең бастысы, соя егілген алқаптың құнарлылығы арта түседі. Осы қасиетінің арқасында иелігіміздегі 330 гектар алқаптың шығымы жыл сайын артып келеді. Суармалы жердің құнарын бір қалыпты ұстап тұру оңай емес. Бұл тұрғыда сояға жетер тиімді дақыл жоқ. Бір сөзбен айтқанда, соя – суармалы жердің сәні» – дейді дихан.

Соя жердің құнарын арттырып қана қоймай, әулеттің дәулетін де еселеуде. 2013 жылдан бері ұжым техникаларын екі мәрте жаңалап үлгерген екен.

«Биыл Белорус елінен трактормен комбайн алдық. Ол шығынның біраз бөлігін мемлекет өтеп берді. Мемлекеттің қолдауынан кенде қалған кезіміз жоқ» – дейді қожалық иесі.

Есімжан Нақтыбайұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған