Қуаныш Убайдуллаұлы: “Оңтүстік ауызсу” филиалы цифрлы жүйеге 100 пайыз дайын

Бүгінгі жас маман білікті кадрлердің ертеңгі орнын басатын тұлғалар. Сондықтан қай сала мамандары болмасын өздерінен кейінгі толқынды білікті маман болуға баулиды. «Оңтүстік ауызсу» филиалында өз мамандығына құлшынысы зор мамандар тәрбиеленуде. Осы ретте, аталмыш мекемеде жас та болса, бас болып қызмет атқарып жатқан Қуаныш Убайдуллаұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз…

– Шымкент қаласының тумасымын. М.Өтебаев атындағы колледжде гидромелиорация мамандығы және жоғарғы М.Ауезов атындағы университетте су ресурстары және маркетингмамандығын меңгердім. Еңбек жолымды сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Түркістан облысы «Қазсушар» РМК-ның филиалында топтық су жүйесі бөлімінде маман болып бастадым.«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, бөлім басшысы ЕсқыдырЧунетов, бас маман Қазыбек Бедебаев және Рамазан Джанбагисов деген азаматтардан үйренгеніп, тәжірбие көп алдым. Бірқатар лауазымдағы қызметтерді атқардым.Қазіргі таңда аталған бөлім ресми түрде «Қазсушар» РМК-ның«Оңтүстікауызсу» филиалы болып қалыптасты. Еңбек жолым әрі қарайөнім тарату және су пайдалану бөлімінің басшысы лауазымыменжалғасуда. Заманауи инноватциялық жаңалықтарға бағыт берген қазіргі басшы Ерлан Алишерұлы Есиркеповке жеке алғысым бар.Отбасылымын.

– Жұмыс істеп жатқан мамандығыңыз жайлы айтып өтсеңіз?

– Халықты ауызсумен қамтусауапты тірлік. Сондықтан болса керек өз мамандығымды жақсы көремін.Жер асты қойнауларынан және жер үсті су көздерінен өндірілген ауыз суды түпкілікті сапалы әрі тәулігіне 24 сағат тұрақты тұтынушыға жеткізу негізгі қызметім болып табылады. Қысқаша тоқтап кетсек облыстың шалғай ауылды елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту.

– Өзіңіз жас маман ретінде қандай қателіктерге бой алдырмау керек деп ойлайсыз?

– Жас маманжұмысқа орналасқан кезде білімді және білікті болуы қажет. Оқу орындарын жақсы бітіріп, диплом алғаннан бері қызметке кіргеннен жанындағы әріптестермен сыйласуы, киім кию үлгісі, мемлекеттік мекемеде қызмет еткеннен кейін жас мамандардың соған сәйкес болуы, сөйлеу әдебі, өз-өзін тәрбиелеуі, қабілеттіболуы керек. Жұмыс барысында кез-келген қателіктерге жол беруіміз мүмкін. Келесіде ондай қателіктерге қайта қайталамау керек. Өзінің жіберген қателіктерінен десабақ алған жөн.

– Сіз өзіңіз істеп жатқан мамандығыңызға жас маман ретінде қандай жаңашылық енгізер едіңіз? Осы жаңашылдықты енгізуге сіз қаншалықты дайынсыз?

– Бүгінде қарамағымызда 95 елдімекен бойынша7 топтық су жүйесі бар. Яғни, күнделікті тәулік бойына 280 мың халыққа және 54 мың абонентті ауызсумен қамтудамыз. Күннен-күнге халық саны артып келеді. Оларға қажетті жағдай жасаумыз керек. Осы ретте, Елбасы НұрсұлтанНазарбаевтың Жолдауындағы сандық жүйеге көшу бастамасын құптайтындығымды айтқым келеді. Өйткені бұл жүйе жұмысқа енгізілетін болса, қағазбастылықтан құтылып, жұмыстың маңызы артатыны белгілі. Біздің мекемеміз цифрлы жүйеге 100 пайыз дайын.

– Сіздің тәрбие берген, өнеге боларлық ұстаздарыңыз жайлы айтып өтсеңіз?

– Ең алдымен ұстаздарым ретінде әкем жәнеанам дер едім. Осы кісілердің берген өнегелі тәрбиесінің арқасында халық үшін қызмет етіп келемін. Одан соң, өзім араласатын ортамды мақтаныш тұтамын. Осынау еңбекке араласып, еңселі еңбек етуім әріптестерімнің арқасы дер едім.

– Сіздің ойыңызша кез – келген салада жастардың рөлі қандай?

– Қазіргі заман талабына сай Елбасымыздың жолдауы да бар. Мысалы АҚШ-та жас мамандар жоғары деңгейде тәжірбие алу үшін, тікұшаққа отырып, бір штаттан екінші штатқа барып қызмет етуде. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жастарға арналған үндеуін назарға ала отырып, жас маман төменгі сатыдан бастап, яғни жергілікті, аудандық мекемелерден еңбек жолын бастап, қалалық және облыстықұйымдарда қызмет ету қажеттігін қолдаймын. Қазіргі жастардың көпшілігі жоғары білімді, жаңа ортаға, жаңа технологияларға тез бейімделгіш. Филиал директорының өзі жастардың рөлі жоғары деп санап, жастарды жұмысқа көптеп тартады. Яғни жастар көп жаңашылық алып келеді. Жастар тез оқып үйреніп, осы заман талабына сай қызмет атқарып,мемлекетіміздің дамуына қосатын үлесі өте маңызды.

– Сіздің ойыңызша қазіргі жастарға жағдай жасалынып жатыр ма?

– Өкімет тарапынан жастарға өте үлкен жағдай жасалынып жатыр. Жастар оқимын десе Жоғарғы оқу орындарында тегін білім гранттары, шәкіртақы беріліп, жұмыспен қамту бағытында түрлі бағдарламалар арқылы қолдап, барлық жағдай жасалынып жатыр. Шет елдерге де оқытып, тәжірибе алмасуына да жағдай жасалған. Өкіметтен жастардың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында да бағдарламалар қабылданып, баспаналы болуына жағдайлар жасалған.

– Жұмыстан бөлек бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

– Бос уақытымда мүмкіншілік болып жатса отбасыммен серуендегенді құп көремін. Сонымен қатар, жаттығу залдарына жиі барамын, спортпен шұғылданамын. Теннис ойнағанды ұнатамын. Жалпы, кез-келген азамат бойын жаман әдеттерден аулақ ұстап, денсаулығын күткені абзал. Сонымен қатар, кітап оқып, ой-өрісін дамытқаныда артықтық етпейді.

– Сұхбаттасқанынызға рахмет!

Сұхбаттасқан

Бектай ОРМАНОВ

1 thought on “Қуаныш Убайдуллаұлы: “Оңтүстік ауызсу” филиалы цифрлы жүйеге 100 пайыз дайын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *