Айдана Бектайқызы, жас маман: Халықты сапалы ауыз сумен 24 сағат үздіксіз қамтамасыз етіп келеміз

Жастар егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Көкжиегі кең Отансүйгіш рухтағы жастарды тәрбиелеу ел алдындағы үделі істің бірі болып саналады.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей Қазақстаның болашағы білімді жастардың қолында. Халық даналығында «Елінің ертеңін білгің келсе, жастарына қара» деген тәмсіл бар. Расыменде қайсібір халықтың болсын ертеңін баянды ететінде, бақытты ететінде бүгінгі ұрпақ өкілдері. Оларға көрсетіліп жатқан қамқорлықта, жасалып жатырған қолдауда аз емес. Мемлекет тарапынан жасалған игі дәстүрдің шарапатын көріп, оқу орны жолдамасымен жұмысқа орналасып еңбек жасап жүрген жастың бірі – Айдана Бектайқызы. «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД филиалына жолдама арқылы келіп, жұысын бастаған жас маман қызметтестері арасында абыройлы, мамандығына адал. Осы орайда, жас маманмен сұхбаттасып, жұмысы жайында аз-кем әңгіме тінін тарқатқан болатынбыз.

– Айдана Бектайқызы әңгімемізді өзіңнің өскен ортаң мен алған білімің жайында бастасақ?

– Мен 1996 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. 2013 жылы №157 орта мектепті тәмамдап, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-не оқуға түсіп, аталмыш білім ордасын «Су ресурстары және суды пайдалану» саласы бойынша инженер мамандығымен бітіріп шықтым. 2017 жылы оқу орнының жолдамасымен «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД филиалына жұмысқа орналасып, қазіргі таңда «Су шаруашылығы нысандарын пайдалану» бөлімінде Инженер – эколог болып жұмыс жасап келемін.

– Жөн екен. Жасыратыны жоқ, қазір жастардың басым бөлігі програмист, заңгер, мұғалім немесе дәрігер болуға талпынып жатады. Сіздің су бөліміне келуіңізге не себеп болды деп ойлайсыз?

– Иә, қазір көпшілік замандастарым ауыл шаруашылық саласына келе бермейді. Су саласы менің бала күнгі қызығушылығым болатын. Басқа мамандықтарға қарағанда қыр-сыры көптеу, тиісінше халыққа тигізер пайдасы орасан. Сол себепті осы саланы толыққанды меңгеріп, елдің дамуына тамшыдай болсада өз үлесімді қоссам деген ниетте су шаруашылғына өмірлік еңбек жолымды арнауға бел байладым.  Адамды алға жетелейтін алдымен арман, мақсаты емес пе. Оқу орнының жолдамасы маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Біз адамзатқа бірінші ретте қажеттілік тудыратын сапалы ауыз сумен халықты 24 сағат үздіксіз қамтамасыз етіп келеміз. Мен мұны игілікті істердің бірі деп санаймын.

– Әрине, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық» мақаласы жайында пікірің.

Маңызы зор бұл бағдарламалық мақала халықтың дүниетанымын кеңейтіп, ой өрісін жетілдіреді. Біз тегінде рухы мықты мемлекет екенімізді ұдайы дәлелдеп келеміз. Оны жастарымыздың жарқын істерінен аңғаруға болады. Ұлттық бояуы қанық ғұрыптық салт-дәстүрлерімізді жадымызда қайта жаңғыртып келеміз. Елдің көкірек көзінде судың мөлдірлігі маңызын жоймаған кезде Сақтың салты мен Ғұнның ғұрпы ғасырлармен қатар рухани жаңғыра бермек.

– Сіздің ойыңызша судың қадір-қасиетін қалай бағалайсыз? Сыр өңірінің су шаруашылғы қай деңгейде?

– «Судың да сұрауы бар» деген халық нақылы тегін айтылмаса керекті. Бір тамшы судың адам өмірі үшін қаншалықты маңызы зор екенін әрбіріміз білуіміз шарт. Бүгінгі күні облыстың басым бөлігі үздіксіз толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Әрбір тұрғын үйге кіргізіліп, су есептегіш құралдары орнатылып берілді. Күнделікті пайдаланып жатқан ауыз суымыздың бізге қалай жететіндігі жөнінде барлық адамды қызықтырады деп ойлаймын. Сол секілді менде де қызығушылық болды. Жұмыс барысы бойынша іс-сапарлармен өндірістерде, насос станцияларының жұмыс атқару режимін ауыз су жүйелерінің проектілерін көзбен көріп жан-жақты танысып жүрміз. Бұл жұмысқа деген қызығушылықты одан әрі арттыра түсері хақ.

– Салада жастардың орны қалай. Оларға қолдау көрсетіліп отырама?

– Әрине, біз алғаш жұмысқа келген күні «Арал» СЖКБД ұжымы ыстық ықыласпен қарсы алды. Өндіріс бөлімшелерін аралатып, білікті мамандармен тәжірибе алмастық. Барлық ауданды сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Өз мамандық бойынша еңбек ету сауапты іс. Жастардың санасында серпіліс бар, еркіндік бар. Мүмкіндіктер қарастырылған. Магистратура бойынша жастарымыз Полша, Мәскеу елдерінде оқуларын жетілдіруде. Бұл елдің жастарға жасап жатқан қамқорлығы мен қолдауының айқын көрінісі.

Сұхбаттасхан: Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *