Марста көлемі 20 шақырымға жететін көл табылды

Ғалымдар Марста сұйық күйдегі су бар екенін анықтады деп хабарлайды BBC. 

Марстың оңтүстік полюсінде көлемі 20 км-ге жететін көлденең жатқан көлдің орны табылды. Бұл мәлімет «Марс-экспресс» станциясында орналасқан Marsis радары арқылы белгілі болды.

Бұған дейін ғалымдар Марстағы мұздардың еруінің әсерінен кейде беткі қабатында су пайда болып тұруы мүмкін деген болжам жасаған еді. Енді Қызыл планетада тұрақты су резервуары бар деп айтуға болады дейді ғалымдар.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған