Әрбір астаналық баруы тиіс жеті бассейн

Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда Астанада жаздың уақыты қысқалау. Жаз кезінде өзен, көлге барып демалуға барлық астаналық үлгермей қалып жатады. Бірақ, қаладағы түрлі бассейндер арқылы жылдың кез келген мезгілінде суға түсуге болады. Осыған байланысты, Su24.kz сайты Астанадағы бағасы мен жайлылығы үйлесім тапқан бес бассейн туралы материалды ұсынады. 

  1. «Сарыарқа» велотрегіндегі бассейн

Аумағы 25 метр, тереңдігі 1-2 метрді құрайды. Таңғы сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Бұл бассейн негізінен балаларға арналғандықтан, енді жүзуді үйреніп келе жатқандар үшін таптырмас орын. «Сарыарқа» бассейнін Қабанбай батыр 45А мекен жайы арқылы таба аласыз.

2. «Барыс Арена»

Астанадағы ең ірі бассейндердің бірі. Аумағы 1352 х 25 метрді құрайды. Тереңдігі 0 метрден жоғары. Тұран 75/1 көшесінде орналасқан. Бұл бассейн де демалыссыз жұмыс істейді.

 

3. Fitness Palace бассейні. 

Көлемі: 1500 метр, тереңдігі: 0 метрден жоғары. Демалыссыз жұмыс істейді. Тұран 30 мекен жайында орналасқан.

4. «Жастар сарайы» бассейні. 

Көлемі: 25 х 12 метр, тереңдігі 2-5 метр. Демалыссыз жұмыс істейді. Республика 34 мекен жайында орналасқан.

5. «Қазақстан» спорт кешені. 

Көлемі 50 метр, тереңдігі: 3-5 метр. Демалыссыз жұмыс істейді. Қажымұқан 7 мекен жайында орналасқан.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған