Берік Нұралиев: 3 жаңа су қоймасының құрылысына 6 млрд теңге қаржы бөлінді

Көп жыл бойы су саласында қызмет атқардыңыз, оның соңғы жылдары «Қазсушарда», қазіргі таңда, аграрлық секторды  дамытуға мемлекеттік  бағдарлама  қабылданған, облысымызда осыған  байланысты  қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, айтсаңыз?

-Жамбыл облысы аграрлық тұрғыда бағытталған, сондықтан да суармалы жермен айналысу облыстың экономикасының өсуіне үлкен үлесін қосады. Облыстың суармалы жер көлемі 229,7 мың гектар. Оның ирригациялық суландыру жүйелері көп жылдар бұрын салынған. Ұзақ уақыттан бері қолданыстағы жүйелер іс жүзінде өз міндеттерін толық қанды атқара алмайды, сол себепті едәуір бөлігі қайта жаңғырту жұмыстарын қажет етеді. Шаруашылық аралық жүйелердің тозығы 70 пайыздан жоғары, ал ішкі шаруашылық каналдардың тозығы  70-80 пайызды құрайды, осыған байланысты сұландыру жүйелерінің пайдалы  әсері  45 % дан  аспайды.

Одан басқа айта кету керек 80 пайыз су ресурстары облысқа Шу,Талас өзендерімен Қырғыз республикасынан келкендіктен, су мәселесі өте өзекті.

Осы  орайда  Қазақстан  Республикасының  Президенті Назарбаев  жолдауында,  аграрлық  сектор  экономикамыздың  драйвері,  оған көптеген  мемлекеттің  қаражаты  жұмсалуда, олардан  тиісті  қайтарым  болу қажет  деген.

Сол себептен, облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін, тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында, “Агроөнеркәсіп кешенін 2017-2021 жылдары дамыту” бағдарламасына сәйкес 4 индикатор қарастырылған:

 

I.Жалпы көлемі 49 млн.м3-ты құрайтын, (“Рғайты”, “Қалғұты”, “Ақмола”) 3 жаңа су қоймалардың  құрылысына  6 млрд. теңге жоспарланып отыр.

Қәзіргі  таңда “Қалғұты ” су қоймасының техника – экономикалық негіздемесі аяқталып, сараптамаға  өткізуге іс-шаралары жүруде.

“Рғайты” мен Ақмола су қоймалары бойынша техника-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Жоғарыда аталған су қоймалар салынған жағдайда, Қырғыз Республикасынан суармалы кезеңде Шу және Талас өзендерінен су алудан тәуелділік азайып, 38,0 мың гектар суармалы жерлерді сумен қамтамассыз ету жақсарады.

 

II.Республикалық  меңшіктегі   апаттық  жағдайда  тұрған  су  қоймалар  тізіміне кірген «Қарақоңыз»,  «Ынталы», «Тасөткел»  су қоймаларын  қайта  жаңғырту  жұмыстарына жалпы  құны 2,7 млрд,  теңге  қаражат  жоспарланып  отыр.

Қордай ауданындағы, Қарақоңыз  су  қоймасының  қайта  жаңғырту  жұмыстарының  мақсаты-су  қойманын  сыйымдылығын  8,5 млн. текше  метрден  18,5 млн.  текше  метрге  дейін  көтеруін,  және  4,0 мың  гектар  суармалы  жерлерін  сумен  қамтуды  ұлғайту.

Сарысу ауданындағы,  Ынталы  су  қоймасы, қәзіргі  уақытта  апаттық  жағдайда.  Қайта  жаңғырту   жұмыстары  су  қоймасының  қауіпсіздігін   және  беріктігін  қамтамасыздандырады.

Шу ауданындағы,  Тасөткел  су  қоймасын қайта  жаңғырту  мақсаты – су  қойма  бөгетінің  2-ші  кезектегі  сейсмокүшейту  жұмыстарын  аяқтау  нәтежесінде,  сыйымдылығы   жобалық  көлеміне  620,0 млн. текше  метрге  дейін  жеткізіледі,  және  Шу,  Мойынқұм, Созақ   аудандарының суармалы  және  шабындықжерлерін сумен қамту  ұлғайып, Шу ауданында қосымша 15,0 мың гектар суармалы жер,  сумен қамтылады.

Жалпы  үш су  қоймалардың  қайта  жаңғырту жұмыстары  аяқталуымен  қосымша  130,0 млн, текше метр, суларды  жинап, қабылдауға  мүмкүндік  пайда болады.

Аталған жұмыстарды  іске асыру  мақсатында Қарақоныз су қоймасы бойынша қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде,  аяқталу  мерзімі 2019 жылға белгіленді.

Ынталы су қоймасы бойынша қайта жаңғырту жұмыстарының (суармалы жер көлемі 3,8мың, га)  жобалық сметалық құжаттамасын «Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» 2018 жылдың қыркүйек айында аяқтап, жоба сараптамаға өткізілді.

Тасөткел су қоймасы бойынша да жобалық сметалық құжат  әзірленіп,  сараптамаға  өткізіліп, қаралуда.

 

III.  Қәзіргі уақытта пайдаланбай жатқан, бірақ  қалпына келтіруді қажет ететін жер көлемі индикаторы  бойынша.

Жамбыл облысында 88 мың 842  гектар анықталды.Соның ішінде  5 аудан бойынша (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі аудандары) Европа қайта құру және даму банкісі аясында  53 мың 865 гектар жерді қалпына келтіру жоспарануда. Ал қалған  34 мың  977 гектар жерді (Сарысу, Талас, Т.Рыскулов, Шу аудандары)  Азия даму банкісінен зайым алу арқылы орындалады.

Европа және Азия даму банктерінің негізгі шарты, су шаруашылық нысандары республикалық меншік иелігінде болуы.

Сондықтан да, өткен 2015-2018 жарты жылдық аралығында, Жамбыл облысының коммуналдық меншігінен, республика меншігіне жалпы ұзындығы – 2376 км құрайтын, 274 канал берілді. Оның шеңберінде  50 мың 447 гектары суландырып, қалпына келтіруді қажет етеді.

Биылғы жыл соңына  және 2019 жылдың аяғына дейін, барлығы 678 км болатын 213 нысан өткізіледі. Олармен 38 395 гектар жер суландырып, қалпына  келтіріледі. Нәтижесінде Республика меншігінде 3054 км құрайтын 487 нысан болады, оларға бекітілген 88 842 гектар  жер қалпына келтіріледі.

Бағдарламаны орындау мақсатында республикалық меншікке қабылданған нысандар бойынша жобалау жұмыстарын  Жамбыл ауданы (30), Байзақ ауданы (46) нысандарға бітіріп, мемлекеттік сараптамаға өткізілді, оның ішінде Жамбыл ауданындағы Бошмойын, Бескемпир, Талас-Аса каналдарына, құрылыс жұмыстарына конкурс ойнатылуда, 2019 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Қордай, Меркі, Жуалы аудандары бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азия даму банкі  Шу, Талас, Сарысу  және Т.Рыскулов аудандарында техника-экономикалық  негіздемелер әзірленуде.

 

  1. Коллектор – дренаж жүйелерін  қалпына  келтіру  бойынша.

  Жалпы  құны  4607,0 млн.тг  281  дана  вертикальды  ұңғымасын  қазу,  726 шақырым  коллектор-дренаж  жүйелерін  қалпына  келтіру   және  39,0 мың  гектар жердің  мелиоративті  жағдайын  жақсарту  жоспарланып  отыр.  

Зерделеу  барысында  анықталғаны  281 дана   вертикальды  ұңғыманың  59-ы  жекеменшікте,  229 –ы  иесіз  екендігі.

726 шақырым  коллектор- дренаж  жүйелерінің  коммуналдық  меншікте – 292,  жеке меншікте  –  45,  иесіз  қатарында – 219,  Республикалық  меншікке  өткізілгені  170  шақырым.

Бұл  бағытта  жүйелі  түрде  Республикалық  меншікке  өткізу  іс-шаралары  атқарылып  жатыр.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ИДЖЖ-2 жобасының аясында облыс бойынша Жамбыл, Қордай және Шу аудандарында жалпы ауданы 15 мың 172 гектар суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мен сумен қамтамасыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде Жамбыл ауданы бойынша құрылыс жұмыстарына тэндер ойнатылып 3,6 млрд тенге қаржы қарастырылған, 2019 жылы құрылыс жұмыстары басталып, 108 км Капал каналы 21 тармақтарымен жөнделіп, 5000 гектар жерге су қамтылу ұлғаяды.

Қордай  ауданы бойынша жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, ал Шу ауданы бойынша жоба сараптамаға өткізіліп, қаралуда.

Одан басқа  Жамбыл, Қордай, Сарысу аудандарында Қырғыз Республикасынан 2018 жылдың суармалы кезеніне су жетіспеушілік қауіпін болдырмау және суармалы жердің сумен қамтамассыздығын жақсарту мақсатында, 36 су шаруашылық нысандарға 350 млн. теңгеге механикалық тазалау жұмыстарын, және Меркі ауданы бойынша құны 510 млн теңге болатын Аспара каналының су өткізу мүмкіндігін арттыруға бір-қатар жұмыстар атқарылды.

Жалпы механикалық тазалау жұмыстары Жамбыл ауданында 17 каналға, Байзақ ауданында 10, Қордай ауданында 2 және Сарысу ауданының 7 каналына жүргізілді. Тазаланған каналдардың  ұзындығы 368 км.

Бұл жұмыстар  өз кезегінде 25,0 мың гектар жерге су жеткізуді жақсартты.

Қорыта келе  мемлекеттік  бағдарламаның,    жоспарланған жұмыстарын іске асырған жағдайда Жамбыл облысына 70 млрд, теңге  инвестиция кіреді. 

Жылдық ішкі өнім жылда қосымша 90,0 млрд.теңгеге өседі;

Пайдалы әсер коэффициенті   (КПД)  85%  өсіп, судың шығыны 2 есе азаяды;

Ауылшаруашылығы  дақылдарының  өнімділігі  77%  артады;

Елу мың (50)  адамға  жаңа  жұмыс  орындары ашылады деп жоспарлануда.

 

-Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:  Ақбота Бегулина

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *