Али Бақбергенов, жас маман: “Қазсушар” Жамбыл филиалы цифрлық жүйеге толықтай дайын

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалында бүгінгі жас маманның ертеңгі күннің білімді де білікті тұлғасы, өз ісінің кәсіби шебері болып қалыптасуы жолында пәрменді шаралар жүзеге асырылу үстінде. Филиалда жастардың тиісті деңгейде тәжірибеден өтіп, біліктілік деңгейін көтеруіне барлық жағдайлар жасалынған. Аға ұрпақ өкілдерінің тәлімгерлік етуімен өз жұмыстарын жан жақты меңгерген жас мамандардың жаңа буыны қалыптасып үлгерді. Осындай жас мамандардың бірі Али Бахтыбайұлы Бақбергенов su24.kz сайтына сұхбат берді.

–Ең алдымен өзіңіздің өмір жолыңыз жөнінде айта кетсеңіз…

–Мен 1993 жылғы желтоқсан айының 23-ші күні Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылында дүниеге келгенмін. Облыс орталығындағы А. Макаренко атындағы мектепте 2000-2011 жылдар аралығында оқып білім алдым. 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университетіне «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, оны 2014 жылы үздік дипломмен бітіріп шықтым.  Ал 2017 жылы«Қазсушар» РМК  Жамбыл филиалына  бағдарламашы маман болып орналастым.

          -Сіз өзіңіз қызмет ететін мекемеңіздің жұмыс үдерістеріне қандай жаңалықтар енгізер едініз? Қазіргі таңда, «Қазсушар» РМК  Жамбыл филиалында  қандай жұмыстар, қандай жаңалықтар болып жатқанына тоқтала өтсеніз.

Мен осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы цифырлық жүйеге көшу жөніндегі тапсырмасын әбден  құптаймын.Бұл жүйе енгізілген жағдайдабарлық жұмыс түрлері жеңілдеп, қағазбастылық азайып, осыған байланысты заманауи жаңа идеялар пайда болары анық.

Бүгінгі күнімен қызмет атқарып жатқан мекемедецифрлық жүйеге көшу мәселесі қызу қолға алынып, тиісінше жұмыстар жүзеге асырылу үстінде.  Биыл«Қазсушар» РМК  Жамбыл филиалынануақыт талабына сәйкес жарақтандырылған жаңа диспетчерлік орталық ашылды. Онда облыс көлемінде атқарылған жұмыстарды автоматтандырылған жүйеде қабылдау ісі жүзеге асырылады. Атап айтқанда,Шу ауданындағы- 11, Қордай ауданындағы-22,Байзақ ауданындағы- 15, Жамбыл ауданындағы -11су шаруашылығы нысаны бойынша су бекеттері, су торабтары мен су қоймаларындағы қондырғыларда орнатылған автоматтандыружүйесінің жағдайы туралы мәліметтер цифрлықжүйемен«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының бас ғимаратына орналасқан диспетчер орталығына уақтылы әрі сапалы түрдежеткізіліп отырады.Яғни, су торабында нақты қандай көлемде су ағып жатқаны жайында мәліметтер алынады.  Автоматтандыру арқылы судың жіберілуін де реттеуге болады.

Аталған ақпараттар жинақталып«Қазсушар» РМК  Жамбыл филиалының айлық, тоқсандық және жылдық есеп берулеріндеде пайдаланылады. Бұл жүйе су қоймаларының көп жылдық жұмыс істеу кестесін жасауға да әбден ыңғайлы. Алдағы уақытта басқа да аудандар  бойынша су шаруашылығы нысандарын автоматтандыру жоспарлануда.

Айта кететін жайт,  мамандарға осы сандық жүйеге көшуді үйрету мақсатында  «Қазсушар» РМК  Жамбыл филиалының бас ғимаратында оқу-әдісмелік  залы ашылған.Оқыту залызаман талабына сай  соңғы үлгідегі дербес компьютермен, интерактивтік тақтамен, оқулықтармен жеткілікті жарақтандырылған. Бүгінгі күні филиалдың бас мамандары,әр ауданның су реттеушілері, каналдардың гидротехниктеріне  оқу-әдістемелік курсынан өтуде. Олардың мұнда су өлшеу құрылғыларының заманауи модельдерімен, су өлшеу тәсілдерімен жан жақты танысып, мемлекеттік бағдарламалардың өңірімізде іске асырылуы бойынша ұйымдастырылған оқыту курстарында білімдері мен біліктіліктерін жетілдіруіне мүмкіндіктері бар. Тағы бір тоқтала кетерлік жайт, ол «Тараз мемлекеттік» университеті  педагогтарының біздің мамандармен тәжірибе  алмасуы мақсатындағы оқу күнтізбесінің ұйымдастырылуы.

Қазіргі таңда «Аса», «Ақсай» және «Ақкөл»өндірістік бөлімшелерінің мамандары семинар-оқу курстарынан өтті. Алдағы уақытта,  тағы алты аудандағы өндірістік бөлімшелер  мамандарыарасында біліктілік көтеру, арттыру мақсатында оқу – әдістемелік курстарын жүргізу  жоспарлануда.

Осы орайда тағы бір сауалдың реті келіп тұр. Сіздің ойыңызша,қалай, қазір жастарға мемлекет тарапынанқолайлы жағдайлар жасалынып жатырма! Сіз жұмыс атқарып жатқан «Қазсушар» РМК  Жамбыл филиалында жастардың рөлі қандай?

–Елбасымыздың тапсырмалары мен бастамаларына сәйкес филиалда қызмет ететін жастардың көпшілігі жоғары білімді. Оларға Үкімет тарапынанда  өте жақсы жағдайлар жасалынуда. Жастар оқимын десе, жоғарғы оқу орындарында тегін білім гранттары, шәкіртақы беріліп, жұмыспен қамту бағытында түрлі бағдарламалар арқылы қолдаулар көрсетіледі.

Басшымыз Қалыбек Құдайбергенұлы Елбасы алға қойған міндеттерді дәйектілікпен асырып отыр. Атап айтқанда,  жастарды жаңа ортаға, жаңа технологияларға тез бейімделгіш, рөлдері де жоғары деп санап, оларға көп мүмкіндік беруде. Әлбетте, жастар қай саланы болсын жаңашылдықпен, жасампаздықпен жаңғыртары анық.Мекеме басшысы да жастардың тез оқып үйреніп, осы заман талабына сай қызмет атқару қабілетіне ие екенін, мемлекетіміздің дамуына қосатын үлестері де қомақты болатынын дұрыс бағалап отыр, осыған сәйкес қолдау да мол.

–Су шаруашылығы саласында қызмет атқарамын  деген өзіңіз секілді жастарға айтарыныз бар ма?

–Қай салада болмасын,  жас маман жұмысқа орналасқан кездегі жастар ұстанымының ең бастысы – тәжірбие алу, оқу орнында алған білімін нақты өндірісте қолдана білу және нақты көзбен көру деп білемін. Біздің саламызда әр маманныңең алдымен  каналда, немесе су тораптары мен су қоймаларында жұмыс атқарып, бәрін де өз көзімен көріп, нақты жағдаймен жан жақты танысболуы бәрінен де маңызды.

 

Сұхбаттасқан:  Ақбота БЕГУЛИНА

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *