Өмірдегі болмысы баршамызға өнеге

Барлық халық қоршаған ортаның байлығын бірдей пайдаланғанымен, әр адамның табиғатқа деген түсінігіне қарай көзқарасы, іс-әрекеті әртүрлі. Біреу табиғат қамқоршысы болса, екінші біреу зиянкес, енді біреулері немқұрайлы қарайды. Қоршаған ортаға деген немқұрайлылық зиянкестікпен бірдей.

Адам өзінің ішкі жан-дүниесімен көпшілік қауыммен түсінісіп, өзін қоршаған ортасымен тіл табысқанда ғана басты адами парызы – шыққан тегін құрметтеп, келешек ұрпақтарға қамқорлық жасап, қоршаған ортасы мен туған жерін аялай алады.

Атамыз қазақ: «Ата дәстүрі мен кәсібін жоғалтқан ел азады» – дейді. Елін аздырмай, ата дәстүрі мен кәсібін келешек ұрпақтармен сабақтастыратын аға буын болғандықтан, халқымыз жасы үлкендерді құрметтеп, сыйлап, өсиетін тыңдап, өнеге алып өскен.

Қилы-қилы заманның соқпақтарынан сүрінбей өтіп, өмірден өз орнын тауып, келешек ұрпақтың сана сезіміне парасатты ой салып, өнегелі еңбек етіп жүрген Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны  Әлияр Мұхамедиярұлы Сейітов ағамызды айтуға болады.

Әлияр ағамыз 25 мамыр 1957 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келді. 1979 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп еңбек жолын су шаруашылығы саласында Шиелі ауданындағы жылжымалы механикаландырылған коллонасында инженер қызметінен бастап, 1981 жылдан бастап «Шиелісушар» мекемесінде инженер-гидрометр, №2, №4,№6 бөлімшелерінің бастығы, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің аға инженер-гидротехник қызметін абыроймен атқарып келеді.

Әкесі Сейітов Мұхамедияр – Шиелі сушаруашылығында 40 жыл жұмыс істеп КазССР –не “Еңбегі сіңген гидротехник” атағын алған. Қазіргі таңда Шиелі ауданның құрметті азаматы.

Әлияр Мұхамедиярұлы Жаңа-Шиелі магистралды каналының шаруашылықаралық Р-7 каналының 245 бекетіндегі су тоспасы құрылысы аумағында «Крепсн», «Голден», «Белый налив», «Достар»  барлығы 0,5 га жер аумағына 132 түп алма ағаштарының сорттарын, «Клен» «Қараағаш», «Ясина» ағаштарды және «Панская роза», «Кан», «Гвоздика» гүлдерді егіп көркейту, көгалдандыруды жүзеге асырып келеді.

Сейітов Әлияр Мұхамедиярұлы  гүл егуді қолға алған жан, бақ өсіруге де халықты үндеуде. Тек үндеумен шектелмей, мектепке алғаш баратын бүлдіршіндерді өзінің бағына апарып, көрсетіп, гүл шоқтарын ұсынады. Биыл бірінші сыныпқа баратын 4 ауылдың 1- ші сыныбына баратын мектеп оқушы балаларына тегін гүл сыйлап, қазіргі кезенде балалардың табиғатқа жақын болып өсуіне жағдай жасау арқылы  оларды табиғатты құрметтеуіне, келешекте айналаны таза ұстауына көгалдандырып, гүлдендіруге баулыйды.

Күзі айларында ауыл – ауылдардығы мекеме, әкімшілік, мектеп ұжымдарына көгалдандыру-көркейтуге өз үлестерін қосуға өсірген гүлдердің тұқымын тегін таратып береді.

Сейітов Әлияр Мұхамедиярұлы барлық еңбек жолында өзінің ісіне жауапкершілікпен қарайды, ұжымда беделді, білімді маман. Су шаруашылығы саласында қол жеткізген табыстары үшін аудан көлеміндегі “алтын күз 2013-2015” жылдарында ауданның «үздік гидротехник» – номинациясымен «Қазсушар» шжқ РМК Қызылорда филиалының Құрмет Грамотасымен және Қазақстан су шаруашылығы қауымдастығының                  «Су шаруашылығының ардагері» белгісімен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *