Cуармалы алқаптар көлемін ұлғайту – облыс экономикасының өсуіне зор септігін тигізбек

Жамбыл облысында су шаруашылығы нысандарын  республикалық меншікке өткізу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жоғарыда аталған нысандардың жағдайы қандай күйде?  «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалы директорының орынбасары, білікті маман Ғалия  Ғаббасқызымен арадағы сұхбатымыз, міне, осы сауалдар төңірегінде өрбіді.

–Сіз филиалда көп жылдар бойы еңбек етумен келесіз.  Алдымен қысқаша өмір жолыңыз бен осы салаға қалай келгеніңіз жөнінде айтып өтсеңіз?

Мен 1964 жылдың 12-ші ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл(қазіргі Тараз) қаласында дүниеге келгенмін. Осындағы №23 орта мектепте оқыдым. Біз 1980 жылы жоғары оқу орнына  түскен жылдары  қазіргі Тараз мемлекеттік университеті Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты деп аталатын. Осы оқу орнының «гидромелиорация»  факультетін 1985 жылы аяқтап шығып, алғашқы еңбек жолымды  сол кездегі Қазақстан су шаруашылық министрлігінің«Облводхоз» қазіргі, «Қазсушар»   РМК  Жамбыл филиалында бастаған едім. Әлі күнге дейін осы мекемеде қызмет етумен келемін.

–Жалпы облыс аумағындағы су шаруашылығы нысандарының бүгінгі жай-күйі қандай?

–Өңіріміздегі су шаруашылығы нысандарының басым бөлігі сонау кеңестік кезең ішінде салынған. Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегендіктен, нақты қолданыстағы жүйелер іс жүзінде өз міндеттерін  толыққанды атқара да алмайды. Сол себепті едәуір бөлігі қайта жаңғырту жұмыстарын қажет етеді. Облыста осыған байланыстыбірқатар жұмыстар  атқарылып  жатыр.

Осы  орайда Елбасы өзінің былтырғы жылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты   Жолдауында «Аграрлық  сектор  экономикамыздың  драйвері» деп атап өткені баршаға мәлім. Бұл іске бүгінде көптеген  мемлекеттің  қаражаты  жұмсалуда, олардан  тиісінше  қайтарым  болуы қажет.

Өңіріміздің жері негізінен аграрлық бағытта жұмыстар жүргізу үшін қолайлы. Сондықтан да суармалы алқаптар көлемін ұлғайту ісі облыс экономикасы өсуіне зор септігін тигізбек. Бүгінде облыстың суармалы жер көлемі 229,7 мың гектарды құрайды. Оның 88,842 мың гектары әлі игерілмеуде. Себебі, ирригациялық суландыру жүйелері көп жылдар бұрын салынғандықтан, бүгінде әбден тозығы жеткен күйде.

Осыған орай 2017-2021 жылдарға  арналған еліміздің агроөнеркәсіп кешенін  дамыту мемлекеттік бағдарламасы бүгінде өңірімізде айрықша қажеттілігі байқалып отырған мәселе, ең бір «жанды жерімізді» тап басуымен құнды болып отыр.

Бұл аталған бағдарлама, су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев мырза және «Қазсушар»  РМК Жамбыл филиалының директоры Қ.Құдайбергенұлының  іскерлігінің нәтежесінде,  біздің Жамбыл облысында алға жүріп,  іске асып отыр.

Бағдарлама, аясында 487 нысанды қайта қалпына келтіріп, 88,842 мың гектар суармалы жерді іске қосу жоспарлануда.

Бір айта кететін жағдай, бүгінгі таңда 487 нысанның тек 274 і ғана республикалық меншікте, ал қалған 213-і коммуналдық меншікте әріиесіз қалып отыр. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін барлық нысанды республикалық меншікке алуымыз керек.

–Бүгінгі күні бұл нысандарды республикалық меншікке беру іс шаралары қалай жүзеге асырылып жатыр?

–Бұл тұрғыдағы жұмыстар облыс әкімінің  орынбасары  бекіткен кестеге сай жүргізілу үстінде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 186 нысанды республикалық меншікке қабылдап алу жоспарланған,  алайда кесте бойынша бүгінгі күні жоспарланған іс-шаралар уақытылы орындалмай отыр. Атап айтқанда, Байзақ ауданында 13 нысан өтуі қажет болатын,  бірақ бүгінгі таңда оның тек 7 еуі ғана дайындалуда. Жамбыл ауданында 28 нысан өтуі қажет болса, оның тек 12 ісі ғана өткізіліп жатыр. Сарысу ауданында 3 нысан қабылдап алу жоспарланған, бүгінгі күнгі мәлімет бойыншы оның тек 2 еуі ғана мемлекеттік меншікке өтпек.

Ал Шу және Т.Рысқұлов аудандары бойынша жоспарланған су нысандары толығымен  республикалық меншікке өтті.  Қалған 3 ауданда, Қордай, Меркі, Талас аудандарында бүгінгі таңда жоспарланған нысандардың ешқайсысы мемлекеттік меншікке өткен жоқ.

Қазіргі таңда Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі аудандары бойынша «Еуропа қайта құру және даму банкі» тарапынан  суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру  бағдарламасы аясында су нысандарын жобалау жұмыстары әзірленуде.

Ал, су нысандарының республикалық меншікке өтпеуі жұмыс жобаларын әзірлеуде кедергі тудыруы әбден мүмкін.

 

Осы бағдарлама аясында «Қазсушар»  РМК Жамбыл филиалы жұмысынақандай жаңалықтар енгізіліп жатқанына да тоқтала кетсеңіз?

–Жалпы «Қазсушар»   РМК  ЖФ-на қарасты Меркі,   Қордай,  Шу,  Байзақ, Жуалы, Жамбыл  және Талас аудандары аумағында 7өндірістік бөлімше орналасқаны белгілі. Биыл өндірістік қажеттілікке және каналдардың коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өтуіне байланысты, Сарысу,  Т.Рысқұлов аудандарында бұған қосымша тағыда екі өндірістік бөлімше ашылып отыр.

Осы тұрғыда Мойынқұм ауданының әкімі М. Мұсаев пен «Қазсушар»  РМК ЖФ-ң басшысы, Қ.Құдайбергенұлының бірлескен бастамалары   халыққа, ауылшаруашылығы саласына айтарлықтай септігін тигізгелі отыр. Атап айтар болсақ, Мойынқұм ауданында кеңестік кезеңде салынған  су шаруашылығы нысандарының қазіргі таңда 80-90 пайызы талан-таражға түсіп, істен шыққандықтан,  су тұтынушылары үшін осы уақытқа дейін ағын су жеткізу  қиынға түсіпкелген еді.    Өйткені, каналдардың барлығы күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді.

Алдағы уақытта Мойынқұм ауданының су шаруашылығы  нысандарына толықтай жөндеу жұмыстарын   жүргізу жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда аталған ауданның   коммуналдық меншігіндегі 12 су шаруашылығы нысаны республикалық меншікке өтуіне байланысты биылғы желтоқсан айында ауданда «Мойынқұм»  өндірістік  бөлімшесі ашылды.

Келер жылдан бастап бұрындары суарылмаған егістік алқаптарына ағын су жеткізумен аталған өндірістік бөлімше айналыстын болады. Бұл Мойынқұм ауданының шаруа қожалықтары үшін үлкен көмек болғалы отыр.

 

 

Сұхбаттасқан:

Ақбота Бегулина

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *