Су тасқыны болған кезде өзін ұстау ережесі

Су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысында, көп жылдар бойы бақылау мәліметтеріне және алдын ала болжам есептерге сәйкес, жартылай немесе толығымен 15510 адам санымен 63 елдімекенді су алуы мүмкін. Су алу аймағына шаруа қожалықтары, теміржол және автожол көпірлері, авто және темір жолдарының телімдері түседі.

Ең қауіпті су алу жағдайы Бұқар жырау, Осакаров, Абай, Нұра, Шет және Қарқаралы аудандарында болуы мүмкін, өйткені көктемде қар ери бастаған кезде өзендердің суы 15 см бастап 3 м дейін көтеріледі және төмен тұрған телімдерге 0,5 бастап 3 км дейін жайылады.

Қарағанды облысында су тасқыны әр түрлі өтеді. Бәрі ауа райына байланысты болады: су тасқыны білінбей жай өтуі мүмкін, ал кейде апатқа әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар аз емес. 2004 жылы Жезқазған аймағында, Шет және Бұқар жырау аудандарында еріген судың тасуы, Самарқанд су қоймасы бөгетінің жарылуы және т.б., сонымен қатар уақытында өткізілген алдын алу шаралары су алу апатының салдарын әжептәуір жеңілдетеді.

Адамдарда су алу апатымен күресудің тәжірибесі жиналып қалды. Бірақ, өкінішке орай, көктемгі су тасқыны кезеңінде адамдардың бақытсыз оқиғаға ұшырау жағдайлары жиі болады, өйткені олар абай болудың қарапайым ережелерін ұстанбайды, бар тәжірибесін қолданбайды.

2007 ж. үлкен су тасқыны болған жоқ, бірақ көктем маусымында адамдардың қайтыс болу жағдайлары кездесті: 2007 ж. 8 сәуірде Бұқар жырау ауданы Асыл бөлімшесінде, «Шахан-Молодецкий» автожолының еріген қардың суы қарқынды өтетін құбырға 10 жастағы бала құлап батып кеткен. Іздеу-сүңгуір жұмыстары жүргізілді. Ұл баланың денесі 4 күн өткеннен кейін ғана табылды.

2007 ж. 12 сәуірде Ұлытау ауданында (Қаракеңгір селолық округі) Қаракеңгір өзенінен мұздың үстінен өткен кезде 1968 жылы туған жергілікті тұрғын суға батып кеткен. Іздеу-сүңгуір жұмыстары 10 күн жүргізілді. 2007 ж. 22 сәуірде жергілікті атқару органдарымен және оның туған-туысқандарымен келісу бойынша іздеу жұмыстары тоқтатылды.

2007 ж. 13 сәуірде Нұра ауданының «Жанбөбек-Баршын» автожолында 5 жолаушысы бар автокөлік суға толып тұрған терең жарға түсіп кеткен. Барлық жолаушылар қайтыс болды.

Тұрғын үйлерді, өндірістік, мәдени-тұрмыстық объектілерді, темір жолдарды, автожолдарды, басқада инженерлік үймереттерді су алуын және адамдардың қайтыс болуын болдырмау мақсатында, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындардың, ұйымдардың мекемелердің басшылары және тұрғындар су тасқынына қарсы бірқатар іс-шараларды өткізуге міндетті:

– Облыстың аудандарда, қалаларда және қызметтерде ТЖ жөнінде штабтар және комиссиялар құру керек;
– Су тасқыны маусымындағы төтенше жағдайларды жою жоспарларын түзету;
– Тұрғындарды көшіру үшін уақытша резервтегі тұрғын үйді көрсетіп, су алуы мүмкін аймақтан тұрғындарды, малды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарларын түзету;
– Қар көп жиналған жерлерді тазалау, су өтетін арналарды және каналдарды тазарту, мехнаизмдерді және су өткізетін құрылғыларды жөндеу;
– Су алуы мүмкін аймақтардан және телімдерден еріген сулардың кедергісіз өтуін ұйымдастыру;
– Су алуы мүмкін аумақтарды алдын ала себу керек;
– Су тасқыны маусымында негізгі қамтамасыз ету базасымен қатынассыз қалатын елдімекендерде, шопандардың тұрғын жерлерінде азық-түлік, отынның қажетті қорын құру.

Су тасқынының ауыр салдарын жеңілдетуге болады, егер келесі қауіпсіздік ережесін ұстанса:

– Көктемде қарқынды қар ери бастаған кезде, қолайсыз ауа райында, сел жүре бастаған кезде төмен өзен жалағалауына тоқтауға болмайды;
– Апатты су тасыған кезде тез төмен жерлерден кету керек, тым болмаса бедердің жоғарғы жағына қарай жету керек;
– Су қоймасы бөгетінің және өзендердің жанында орналасқан саяжайға барудан бас тарту керек;
– Өзендердің үстінен өтетін терең және кең жырадан, каналдардан, орлардан және басқада конструкциялардан өтуге болмайды;
– Құрлықтан алшақ болмау үшін өзендердегі түбектерге баруға болмайды;
– Жазатайым оқиға болмау үшін белгісіз жерлерден, өзендердің, арықтардың, басқада суаттағы мұздың үстімен өтуге болмайды;
– Балалардың өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең жыралардың жанында ойнауға тыйым салыңыз;
– Балықшылар осы кезеңде су толық түскенге дейін балық аулаудан бас тарту керек.

Егер Сіз өзеннің алай-дүлей көтерілген толқынында қаза болғыңыз келмесе, көктемнің су тасқыны нәтижесінде құнды заттарыңыздан айырылғыңыз келмесе, қазір қажетті шараларды қолданыңыз.

Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек

Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,
Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.
Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
– суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;
– жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
– егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
– ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;
– өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;
– бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
– өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
– қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

Кенеттен су басса:
– үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;
– тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;
– егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;
– су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;
– балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;
– ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;
– құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;
– құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;
– өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай – күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;
– өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.

Су қайтқаннан кейін:
– үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;
– ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);
– үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;
– есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады;
– қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз;
– суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;
– су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Ақпарат көзі: http://www.fireman.kz/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған