Беловод топтық су құбыры

Беловод топтық су құбыры құрылысы 2010 жылы басталған. 2017 жылы тәулігіне 5400 м3 су тазалайтын 1-ші және 2-ші көтермелі насос станциялары іске қосылды және екі таза су қазандықтары орнатылды, көлемі 6000 м3.  Осыдан бастап Ертіс ауданында таза ауыз су мәселесі шешіле бастады.

Бұл жоба бірнеше жыл бұрын басталып, мердігер компанияның салғырттығынан тоқтап қалған еді. Тек 2014 жылы құрылыс қайта жанданды. Тартылған су құбыры 128,8 шақырымды құрайды. Енді, Беловод тораптық су тарату желісі Ертіс ауданына қарасты 15 елді мекеннің 12,5 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтиды. Беловод топтық су құбыры стансасының тиімділігі жоғары технологиялық қондырғылар орнатылған және су тазалау жүйесі толық автоматтандырылған. Тұтынушыға жетпес бұрын тіршілік нәрі кешенді химиялық жолмен тазартылады. Судың табиғи құрамын сақтайтын бірнеше сүзгіден өтеді. Су стансасына электр қуатын үнемдейтін заманауи су тазартқыш құрылғылар орнатылған.

Қазіргі таңда өзінің ішкі су тораптары бар  Ертіс аудан орталығы ( 7,8 мың тұрғыны бар) магистралды Беловод топтық су тарату жүйесіне қосылған. Сонымен қатар 9 ауылды мекенге су тарату қолонкалары орнатылды және 5 ауылға ішкі су жүйелері тартылған соң Беловод топтық су құбырына қосылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған