Ыстық су өшіп қалса не істеймін?

Үлкен қалаларда қай уақытта ыстық суды өшіріп тастайтынын алдын ала анықтау қиын. Мұндай төтенше жағдайда не істеуге болады? Su24.kz сайты ыстық су мезгілсіз өшіп қалса не істеу керек деген сұраққа жауап береді. 

Тез су қайнату әдісі

Егер сізге ыстық су тез аралықта керек болса, онда ыдысты толтырмай қайнатыңыз. Ал көбірек су керек жағдайда, үлкендеу ыдыстың жартысына дейін толтырып қайнатсаңыз, су тез қайнайды.

Ағын суға арналған жылытқыш сатып алу

Суды газға қойып қайнату барлығына белгілі әдіс болса, келесі әдісті көпшілік біле бермейді. Үйіңізге ең жақын электротехника сататын дүкенге барып, ағын суға арналған жылытқыш құралды сатып алыңыз. Оны кранның басына қойып, салқын суды автоматты түрде жылыта аласыз. Әрине, бұл суды 100 градусқа дейін қайната алмайды, бірақ, жоқтан жақсы.

Спортпен айналысыңыз 

Кейде үйде ыстық су өшіп қалып, жуынатын жер таппай жүргенде фитнес-орталықтарға барып, спортпен айналысып болғаннан кейін сол жердегі жуынуы орындарын тегін пайдалануға болады.

Достарыңызбен хабарласыңыз

Үйіңізде ыстық су өшіп қалған кезде достарыңыз сізді қонаққа шақырса, ондай ұсыныстан бас тартпаңыз. Қаланың басқа бөлігінде өмір сүретін жақындарыңыздың үйіне баруға кішкентай болса да себеп табылса, бұл мүмкіндікті жоғалтып алмаңыз. Үйіңізде ыстық су жоқ екенін айтсаңыз, олар сіздің жуынып алуыңызға қарсы болмайды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған