Ерлан Есіркепов: «Оңтүстікауызсу» филиалының абонент саны 52 мыңға жетті

«ҚазСуШар» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстікауызсу» филиалының директоры Ерлан Есіркепов өңірдегі су мәселесі мен кәсіпорын филиалындағы жұмыс туралы Su24.kz сайтына сұхбатын берді.

– Ерлан Әлішерұлы, ең алдымен «Оңтүстікауызсу» филиалының құрылу тарихына тоқталып өтсеңіз?

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның «Оңтүстікауызсу» филиалы «Қазсушар» РМК-ның 2013 жылы мамыр айының 28-ші жұлдызындағы               №207-ө санды  бұйрығына сәйкес  құрылып, ОҚО Әділет департаменті Шымкент қалалық әділет басқармасында  07.06.2013 жылы  №228-1958-01-Ф-л тіркеу нөмерімен тіркелген.

«Қазсушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалының қызметі, «Қазсушар» РМК-ның 16.07.2013 жылғы №265-ө санды «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау минстрлігі  Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу  құқығындағы  республикалық мемлекеттік   кәсіпорны  Оңтүстік Қазақстан және «Оңтүстікауызсу» филиалдары  қызметкерлерінің құрылым және штат кестесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, Оңтүстік Қазақстан  филиалынан  бөлініп, 01.08.2013 жылдан басталады.

«Қазсушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалының  негізгі  қызметі халыққа ауызсу жеткізіп беру қызметімен айналысады. Қазіргі таңда  филиалдың   Түркістан  облысы бойынша  7 өндірістік бөлімшелері бар:

  • «Сарыағаш топтық су жүйелері» өндірістік бөлімшесі;
  • «Арыс топтық су жүйелері» өндірістік бөлімшесі;
  • «Шәуілдір топтық су жүйелері» өндірістік бөлімшесі;
  • «Қажымұқан-Қараспан топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі;
  • «Дарбаза топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі.
  • «Жетісай топтық су жүйесі»өндірістік бөлімшесі
  • «Тасты-Шу топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша,  96 елді мекенге, 284 мың халыққа ауыз су жеткізіп беру қызметі көрсетеді.

 

          – Филиалдың негізгі жұмысы жайлы білгіміз келіп отыр…

«Қазсушар» РМК-ның шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстікауызсу» филиалының негізгі қызметі – Түркістан облысы аумағындағы бірнеше елді мекендер тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Ауыз су құбырларының жалпы ұзындығы 2653,05 шқ құрайды. Оның ішінде ішкі орамдық – 593,58 шқ, магистралды құбыр – 2059,46 шқ.

Бүгінгі таңда, филиал өз құзыретіне сәйкес, теңгерімдегі 7 топтық су жүйесі өндірістік бөлімшелері арқылы 95 елді мекен тұрғындарына, яғни жоғарыда айтылған 52 287 абонентке қызмет көрсетілуде.

 

– Елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету барысында қандай өзекті мәселелер туындауда?

Өзіңізге белгілі, халық санының тұрақты ұлғаюына және су тұтыну көлемінің көбеюіне байланысты, тұрғындарды тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту – өзекті мәселенің бірі болып табылуда.

Мысалы: Сарыағаш ауданында орналасқан  55 елді мекен тұрғындарын тұрақты түрде ауыз сумен қамту мақсатында,  Сарыағаш топтық ауыз су жүйесіне Ғазалкент магистралды каналының Р-1 тармағының бойымен қосымша магистралды су құбыры құрылысының жобалау сметалық құжаттамасы толық әзірленіп, сараптама қарауына жолданды. Алдағы уақытта, сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Абай және Сарыағаш елді мекендерінің тұрғындары тұрақты түрде 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ тағы басқа да жобалар іске асырылуда «Қазсушар»  РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы Түркістан облысының Сарыағаш, Қазығұрт, Мақтарал және Шардара  аудандарының ауыз сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін Өгем өзенінің су ресурстарын пайдалану бойынша техникалық-экономикалық  негіздемесін (ТЭН) әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 6-8 маусым аралығында Өгем өзенінің жобалау орнына  филиал басшылары, мамандары, жобалаушылар,  Қазығұрт ауданы әкімдігі өкілдері және шақырылған топографтар, геодезистер қатысуында  жалпы құрамы 14 адамнан құралған бірлескен зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Зерттеу қорытындысы бойынша бірлескен мәжіліс өткізіліп,  топографиялық-геодезиялық зерттеулер жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылданды. Жобалау жұмыстары жалғасуда.

 

– Филиал жұмысының негізгі жетістіктерін қысқаша айтып өтсеңіз?  

«Тіршілік көзі – су» демекші, «Оңтүстікауызсу» филиалы құрылған уақыттан бері абонент саны 1,5 есе ұлғайды.  Нақтырақ айтқанда, 2013 жылы абонент саны 34290 құраса, 2018 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысына сәйкес, 52 287 абоненті құрады.

– Сұхбаттасқанынызға рахмет!

Сұхбаттасқан

Бектай ОРМАНОВ

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған