Қызылорда облысында 72 шақырым ауыз су жүйесі жаңғыртылады

Қызылорда облысында биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауқымды істер қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл осы мақсаттағы 14 жобаға 3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде, сумен қамту бойынша 8 жоба қаралған. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының кәріз жүйелері бойынша және Жаңақорған ауданын сумен қамту бойынша 1 жоба жүзеге асып жатыр. Аталған жобалар аяқталған кезде 72 шақырым ауыз су жүйесі, 4,5 шақырым кәріз жүйесі жаңғыртылатын болады.

«Биыл «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 3 жобаның (Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Жалағаш ауданы Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендері) құрылысын аяқтау үшін 527 млн теңге бөлінді.

16,7 шақырым ауыз су жүйесі қайта жаңғыртылды. Қосымша республикалық және облыстық бюджеттен жаңа 16 құрылыс жобасына 2,1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде», – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.

Биыл облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы тұсындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын сумен қамту және суды бұру жобасының құрылыс жұмысын жалғастыру үшін 350 млн теңге бөлінді. Қаржы толығымен игерілді, 12,3 шақырым ауыз су жүйесі жүргізілді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *