Су туралы біз білмейтін фактілер

Сусыз өмірімізді елестету қиын. Бірақ күнделікті пайдаланатын су туралы біз не білеміз? Su24.kz сайты суға қатысты көпшілікке белгілі емес фактілерді ұсынады.

  1. Әлемдегі ең таза су Финляндияда

ЮНЕСКО таратқан ақпаратқа сенетік болсақ, әлемдегі ең таза су Финляндияда. Бұл зерттеуге қатысқан 122 елдің ішінен ең таза су Финляндияда екені анықталды.

  1. Су тіршілік көзі

Жер бетіндегі тірі ағзалардың барлығы үшін судың болуы өте маңызды. Бүкіл жануарлар мен өсімдіктердің құрамында су бар. Мысалы, жануарлар 75 пайыз судан тұрады, балықтар – 75 пайыз, медуза – 99 пайыз, картоп – 76 пайыз, алма – 85 пайыз, қарбыз – 96 пайыз, дүние есігін енді ашқан сәби ағзасының 86 пайызы судан тұрады.

  1. Адам сусыз өмір сүре алмайды

Егер адам ағзасындағы 2 пайыз суды жоғалтса шөлдей бастайды. Ал ағза 10 пайыздан айырылса адамда галлюцинация басталады. Бұл көрсеткіш 12 пайызға жеткенде дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Ал ағзасындағы судың 20 пайызынан айырылған адам қайтыс болады.

  1. Өмір сүру үшін 35 тонна су керек

Адамның сусыз ұзақ өмір сүре алмайтынына көз жеткіздік. Шамамен 65 жыл өмір сүрген адам ғұмыр бойы 35 тоннаға дейін су қолданады екен.

  1. Жүрек ауруының алдын алады

Судың адам ағзасына тигізетін пайдасы көп. Ғалымдардың айтуынша, күн сайын 6 стақан су ішетін адамдар арасында жүрек талмасы сырқаты өте сирек кездеседі екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған