Таиландта су шашып ойнайтын дәстүрлі фестиваль басталды.

Оған адамдармен бірге пілдер де қатысады. Мерекелік күнге орай оларды әрлеп бояйды. Бұл күні алып денелі жануарлар көше кезіп, алдынан кезіккен адамның бәріне су шашады. Сондықтан бұл күні кез келген адамның суға малшынып қайтуы ғажап емес. Деректерге қарағанда, Сонгкран фестивалі таиландықтардың Жаңа жылы қарсаңында ұйымдастырылады. Қызықты шараны тамашалап, оған қатысу үшін Таиландқа жылына әлемнің әр қиырынан мыңдаған қонақ келеді. Туризм министрлігінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы дәл осы фестиваль кезінде мемлекет қазынасына миллиард доллардай пайда түскен. Лиам Уоллес, Ұлыбританиядан келген саяхатшы: – Өте қызық, бірақ әділетсіз екен. Су шашуға келгенде піл мен адам қалай тең түссін? Олардың жанына жақындап кетсең болды, ұзын тұмсығымен үстіңнен су төге салады.

 

Ақпарат көзі: Хабар24

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған